×

Жаңа қызметке тағайындалған Зәкиева телефон нөмірін жариялап, Абай облысына аттанды

Ол онда эвакуацияланған балалармен кездеседі

Жаңа қызметке тағайындалған Зәкиева телефон нөмірін жариялап, Абай облысына аттанды
Facebook/ Dinara Zakiyeva

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалған Динара Зәкиева әлеуметтік желіге пост жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін Мемлекет басшысы мені Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындады. Қасым-Жомарт Кемелұлының маған артқан сенімі үлкен жауапкершілік деп білемін. Бұл – балалық шақты қорғау, отбасыларды қолдау саласындағы жағдайды жақсартуға таптырмас мүмкіндік. Бұған бар күш-жігерімді саламын», –  дейді экс-депутат.

Динара Зәкиева қазір жекесіне сұрақтар мен ұсыныстар келіп жатқанын айтты. Ұсыныстардың барлығын да қарастыруға уәде береді. Әрдайым ашық екенін атап өтті. Жеке телефон нөмірін де (тел: 8 705 884 40 70) қалдырған. Өтініш, хабарламаны жазбаша түрде тек уатсапқа қалдыруды өтінді.

«Бүгін эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына жол жүремін. Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындау, балаларды оқыту мәселесі бойынша арнайы тапсырма берген болатын. Бала – баршамызға ортақ. Бала – бақытымыз. Баланың құқығын қорғау –  әрқайсымыздың міндетіміз. Әрбір бала ата-анасының бүгінгі жағдайына қарамастан, бақытты болуға лайықты. Менің жұмыстағы басты ұстанымым осы», –  дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы  Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды босатып, орнына Динара Зәкиеваны тағайындады. Динара Зәкиева 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  Әр жылдары «Nur Otan» партиясында, Астана әкімдігіне қарасты «Балалар үйінде» , «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорында басшылық қызметтер атқарған. «Rafe» мейрамханалар желісін ашқан. 2021 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланды.

Төменгі палатада ол «Сарым – Зәкиева түзетуі»  деген атпен есте қалды. Өйткені былтыр мамырда Президент «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Оны дайындаған Мәжілістегі депутат Айдос Сарым мен Динара Зәкиева болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →