×

«Сарым – Зәкиева түзетуі»: Жаңа омбудсмен көпшілікке қалай таныс

Бүгін Мемлекет басшысы  Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды босатып, орнына Динара Зәкиеваны тағайындады

«Сарым – Зәкиева түзетуі»: Жаңа омбудсмен көпшілікке қалай таныс
orda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды босатып, орнына Динара Зәкиеваны тағайындады. Осы ретте Qaz365.kz тілшісі жаңа омбудсменді қысқаша таныстырғанды жөн көрді.

Динара Зәкиева 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әр жылдары «Nur Otan» партиясында, Астана әкімдігіне қарасты «Балалар үйінде», «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорында басшылық қызметтер атқарған. «Rafe» мейрамханалар желісін ашқан. 2021 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланды.

Төменгі палатада ол «Сарым – Зәкиева түзетуі»  деген атпен есте қалды. Өйткені былтыр мамырда Президент «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Оны дайындаған Мәжілістегі депутат Айдос Сарым мен Динара Зәкиева болатын.

Қоғам белсенділері бұл заңға қарсы шыққан еді. Өйткені балаларды залалды ақпараттан қорғау дегенді сылтауратып, билік әлеуметтік желілерді бұғаттауды көздеп отыр деген болатын. 

«Жекелеген қоғам өкілдері құжатты «Сарым – Зәкиева түзетуі» деп атауды ұсынып, аты-жөндерімізді есте сақтауға уәде беріп жүр. Егер бұл бір баланың өмірін қорғап қалатын болса, онда мен келісемін. Он жыл болды, балаларға көмектесумен айналысып келемін. Қудалау, кибербуллинг, суицид жиілеп кетті», –  деген еді депутат тілшілерге берген сұхбатында.

Заң біршама жұмсартылғанымен, кейіннен қабылданды. Президент қол қойды. Алайда биылғы сайлауда Зәкиева мандат алмаған. Дегенмен, ол көп уақыт бос жүрмеді. Аружан Саинның орнына Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне кірісті.

Аружан Саин бұл жұмысты 2019 жылдың шілдесінен бері атқарып келген. 

Сонымен қатар ел желіде Динара Зәкиеваның мемлекеттік тілде сөйлемейтінін жазып жатыр. Ол депутат болған кезде де бірде-бір рет қазақша сауал жолдамағаны айтылған. Бірақ телеарналарға қазақ тілінде берген қысқаша сұхбаттары бар.

Журналист Армангүл Тоқтамұрат жаңа уәкілдің сандарды қағазға қарамай айтатынын, көп мәселеден хабардар екенін мысалға келтірген.

«Тек журналист ретінде оның жақсы маман екеніне куә болдым. Біреуге жаман сөз айтып, қаралай салу оңай ғой ал, жақсыны жақсы деп әділ баға беру қиын», –  дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды
Бүгін, 11:28

«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды

Никотин өнімдерінің зиян деңгейін зерттеу бірнеше жыл бойы жалғасып келеді
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →