×

Тәуелсіздік тарихындағы 12-ші аза тұту күні жарияланды

Абай облысындағы өртте 14 орманшының қаза болуына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Тәуелсіздік тарихындағы 12-ші аза тұту күні жарияланды
tengrinews.kz

Абай облысындағы өртте 14 орманшының қаза болуына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Бұл тәуелсіздік жылдары жарияланған 12-ші және Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған жылдары 5-ші аза тұту. Айта кетейік, дәл осы күні – 12 маусымда төрт жыл бұрын Тоқаев ресми түрде Мемлекет басшысы болған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту 12 рет жарияланды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған 10 жыл ішінде 7 рет аза тұту болса, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұсында 5-ші рет аза тұту жарияланды. 

2006 жылғы 20 қыркүйек. Шахтадағы жарылыс, 41 кенші қаза тапты 

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең алғашқы аза тұту 2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты жарияланды. Метанның жарылуынан өрт шығып, 41 кенші көз жұмды.

2008 жылғы 11 қаңтар. Шахтадағы жарылыс, 30 адам көз жұмды
2008 жылғы 11 қаңтарда Қарағанды облысының Абай қаласындағы шахтада апат қайталанып, 30 шахтер қаза тапты.

2010 жылғы 16 наурыз. Бөгеттің бұзылуы, 45 адам опат болды
2010 жылғы 11 наурызда Алматы облысы Қызылағаш ауылында бөгет жарылды. Ауылды су шайып, 45 адам қайтыс болды, оның 11-і бала. 370-тен астам үй қирады.

2012 жылғы 5 маусым. 14 шекарашы мен қорықшының өлімі
2012 жылғы 28 мамырда болған «Арқанкерген» шекара бекетіндегі шекарашылардың қазасына байланысты 5 маусымда ұлттық аза тұту жарияланды. Заставадан 15 адамның күйген денесі табылды. Қанды қылмысқа байланысты тірі қалған жалғыз сарбаз Владислав Челах кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталды.

2012 жылғы 27 желтоқсан. Ұшақ апаты 34 адамның өмірін жалмады
Астанадан Шымкентке ұшқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы межелі жерден 20 шақырым қашықтықта апатқа ұшырады. Бортта 27 адам болды, оның жетеуі экипаж мүшесі. Барлығы қайтыс болды. Президент 27 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

2013 жылғы 31 қаңтар. Ұшақ апатынан 21 адам ажал құшты
Алматы әуежайының маңында жолаушылар ұшағы 2013 жылғы 29 қаңтарда апатқа ұшырады. Көкшетау-Алматы рейсіндегі Challenger-200 борты SCAT әуе компаниясына тиесілі еді. 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі мерт болды. Жалпыұлттық аза тұту 31 қаңтарда жарияланды.

2016 жылғы 9 маусым. Ақтөбедегі теракт, 8 адам мерт болды
Ақтөбедегі шабуыл нәтижесінде әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жарияланды. 5 маусымда Ақтөбедегі екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасалды. 8 адам жан тапсырды, олардың үшеуі әскери қызметкер.

2019 жылғы 28 желтоқсан. Ұшақ апаты, 12 адам жан тапсырды
Алматыда 27 желтоқсан күні таңертең Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында Bek Air әуе компаниясының Fokker ұшағы биіктікке көтеріле алмай жерге құлады. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. 12 адам қаза тапты: 8 оқиға орнында, 2 ауруханада және 2 әуежайда. 49 адам ауруханаға жатқызылды. 28 желтоқсанда елімізде қаралы күн жарияланды.

2020 жылғы 13 шілде. Коронавирус пандемиясы
Әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты 13 шілдеде елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. 

2021 жылғы 29 тамыз. Оқ-дәрілердің жарылуы, 13 адам жер жастанды
2021 жылғы 26 тамызда кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің аумағында инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймада жарылыс болды. 13 адам қаза тауып, 90 адам зардап шекті. Жалпыұлттық аза тұту 29 тамызда жарияланды.

2022 жылғы 10 қаңтар. Қаңтар оқиғасы, 238 адам қайтыс болды
2022 жылдың 5 қаңтарында елде басталған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ресми ақпаратқа сәйкес 238 адам көз жұмды. Оның 19-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

12 маусым 2023 жыл. Абай облысында орман өртінен 14 адам қаза тапты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандар үшін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Абай облысында өрт сөндірушілер бірнеше күннен бері тілсіз жау алысып келеді. Greenpeace үкіметтік емес экологиялық ұйымының хабарлауынша, Семейдегі орман өрті дәл қазір аумағы жөнінен ғаламшардағы ең ауқымды өрт болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
26.04.2024ж. 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →