×

Алматы полициясы курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіледі

Мопедке мінген екі ер адам Талғар күре жолы бойында ұсталды

Алматы полициясы курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіледі
Коллаж: Polisia.kz

Алматы полициясы курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ тәркіленді. Мопедке мінген екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тәртіп сақшылары тоқтатқан.

– 44 және 41жастағы азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасымен әртүрлі 17 оқ әшкереленіп, тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды. Аталған дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 1бөлігі 3-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабына сәйкес сот шешімі шыққанға дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
Кеше, 22:15

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды
Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген
7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →