×

"Мұстафа Шоқайдың зираты Қазақстанға көшірілгелі жатыр": СІМ түсініктеме берді

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр

"Мұстафа Шоқайдың зираты Қазақстанға көшірілгелі жатыр": СІМ түсініктеме берді
Courtesy Photo

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Мұстафа Шоқайдың зиратына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Журналистер хатшыдан әлеуметтік желіде Мұстафа Шоқайдың зираты сүріліп, Қазақстанға жерленейін деп жатқаны жайлы ақпарат тарап жатқанын, бұл ақпараттың расталып-расталмағанын сұрады. 

“Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зиратын бұзып, басқа жерге көшірейін деп жатыр екен” деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат расталмады. Біздің елшіліктің қызметкерлері дереу барып, зират қызметкерлерімен сөйлесті. Мұстафа Шоқайдың зираты орнында. Ешқайда көшірілмейді. Егер де қандай да бір жағдай болып жатса, бізге алдын ала хабарласады”, – деді Смадияров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →