×

Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

Бюджеттің 50 млн тенгеден астам қаражатын ысырап қылған

Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрадицияланды
Bdg.by

2021 жылы Грузияда ұсталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытай Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және бюджеттің 50 млн тенгеден астам қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалады. Сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген күдікті Грузияда анықталып, ұсталды.

Грузиялық әріпстермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізді», - делінген хабарламада.

Мәлім тілгендей, қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

«Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», –  деп нақтылады Бас прокуратурадан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →