×

Шымкенттіктер «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған

Пирамидаға 40-тан астам тұрғын қаржы салған

Шымкенттіктер «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған
turkystan.kz

 Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент тұрғындарының 83 млн теңгесін қалтасына басқан компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды», –  делінген мәліметте.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жарияланбады.

«Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз», –  деп жазылған агенттік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →