×

Ажар Ғиният Алматыда науқастардың АИТВ жұқтыру оқиғасына пікір білдірді

3 науқастан АИТВ инфекциясы анықталған болатын

Ажар Ғиният Алматыда науқастардың АИТВ жұқтыру оқиғасына пікір білдірді
Sputnik / Владислав Воднев

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 15 маусымда сенат отырысында Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында 3 науқастың АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ажар Ғинияттың айтуынша, дәрігерлер инфекция аурухана ішінде тарап кетуін болдырмауға тырысып жатыр.

"Тексеруден өткен бойда біз толық ақпарат береміз. Енді толық эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, инфекцияның ошағын, жұқтыру жолын, ауруханаішілік инфекция болған-болмағанын түсінуіміз керек. Ол жерге министрлік пен комитеттер жіберілді", –  деді министр.

Ол 2022 жылы 4 мың қазақстандық АИТВ жұқтырғанын айтты. Ал 2021 жылы 3,5 мың жағдай тіркелген.

Еске салайық, 14 маусым күні Алматыда ауруханаға түскен науқастар АИТВ инфекциясын жұқтырып алғаны анықталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
04.07.2025ж. 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →