×

Тіпті ату жазасына да дайынмын: Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

Ол өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарды

Тіпті ату жазасына да дайынмын: Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты
golos-naroda.kz

Ұлттық музейдегі қызметі кезінде «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «соңғы сөзін» айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарып, «сот кезінде ақша жымқырғанын дәлелдейтін бірде-бір айғақ келтірілмегенін» атап өтті.

«Мен елдің заңдарын бұзған жоқпын. Тағылған айыпты толық мойындамаймын. Айыптау актісінде ел заңын бұзу, сөз байласу көрсетілген бір де бір дерек жоқ. Сот залына шақырылған куәгерлер ақша жымқыру дерегі болмағанын сенімді түрде мәлімдеді. Менің тарапымнан және Нұрасхан, Көшенов, Садуақасова тарапынан заңсыз әрекеттер болмады. Құрметті сот! Мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да дайынмын, бірақ ақша жымқырғаны үшін емес. Қазақта «Өлімнен ұят күшті» деген мақал бар», –  деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Енді оның ісі бойынша келісі сот отырысы 19 маусымға қалды. 

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары нысандардың 3D моделін жасау жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 миллиард теңге ұрланғанын хабарлаған болатын.

Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды, оған дейін бес жыл мәдениет министрі қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеше, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →