×

Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ - Ринат Зайытов

Оның айтуынша, Назарбаев тек мемлекет басшысы қызметін атқарды

Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ - Ринат Зайытов
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Abay live» арнасына берген сұхбатында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлтқа қызмет етпегенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ұлтқа қызмет еткендердің қайсысы баянды ғұмыр кешті? Осы бақытты болды деп, біреуін айта аласың ба?» –  деп Зайытов жүргізушіге сұрақ қояды.

Журналист Нұрсұлтан Назарбаевты мысалға келтірген. Зайытов ол пікірмен келіспеді.

«Назарбаев - ұлтқа қызмет еткен жоқ. Ол мемлекетте басшы болды. Егер Назарбаев ұлтқа қызмет еткенде 30 жылда қазақ тілінде сөйлер едік. Опера-балетке емес, айтысқа, дәстүрлі өнерге жеке театр ашып берер еді. Қазақтың жырлары, күйлерінің жеке театры болып, халықаралық аренаға танылар еді. Сондықтан ұлтқа қызмет етті деп айта алмаймын. Мемлекетте жұмыс істеді. Басшының қызметін атқарды», – дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →