×

Карлаг түрмелерінде қанішер аталарын мақтан тұтатын династиялар бар - Мұхтар Жәкішев

Ол  қай түрмелерде ұратынын айтты

Карлаг түрмелерінде қанішер аталарын мақтан тұтатын династиялар бар - Мұхтар Жәкішев
Коллаж: Qaz365.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Азаттық тілшісі Бағдат Асылбекке берген сұхбатында қай түрмеде отырғанында ұрып-соққанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қарағандыға барғанда бізді ұрып-соқты. Бізді тек қоғамдық резонанс қана құтқарды. Осыдан кейін олар жасқанып қалды. Қарағандыдағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің топастығына таңғалдым», –  дейді Мұхтар Жәкішев.

Оның айтуынша, департамент директоры «Сені неге ұрмау керек екен? Басқаларды ұруға болады, сені ғана болмай ма?» деп айтқан. 

«Еркектер арасында ондай-мұндай нәрселер, төбелес болып тұрады емес пе?»  «Төбелесте солай, ал біреу бүйрегіңнен теуіп жатса, оның бет-жүзін көрмесең, ол басқа нәрсе. Сол адамды осында шақырыңдаршы, еркектерше төбелесейік, бірақ ол қорқақ қой, маска тағып, жүзін көрсетпейді» дедім. Олармен сөйлесу қиын, қарапайым нәрселерді түсінбейді. Өзімді ұрған адамды тауып беруді талап етпеймін деп келістік. Өйткені бұдан пайда жоғын түсіндім. Жалғыз талап қойдым. «Мен лагерьде отырғанда тағы біреуге тисе, аяғына дейін барамын» дедім. Өзім отырған жерде ешкімді ұрмады», –  дейді «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы.

Ол  қай түрмелерде ұратынын айтты. Мысалы, оңтүстікте ондай болмаған. 

«Семейде болған шығар, өзім көрген жоқпын. Қарағандыда Карлагтан (Совет мемлекетінде Сталин кезінде құрылған Қарағандыдағы сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерьлері жүйесі – ред.) бері келе жатқан тұтас династиялар бар. Әкімшілік ғимараттан 1930 жылдардан қалған бұрынғы басшылардың суретін көрдім. Олар «Карлаг дәстүрін сақтап келеміз» деді. «Бастарың істей ме? Карлаг – Қазақстанның соры, тоталитарлық мемлекет жерімізге келіп, Карлаг ұйымдастырды деп айтамыз. Бұл қазақтарға тән емес. Масқара нәрсе. Жауыз, қанішер аталарын мақтан тұтатын династиялар бары ақылға сыймайды. Бірақ ондайлар бар», –  дейді Мұхтар Жәкішев.

Ол осының бәрінен арылу үшін династиялар ұялаған лагерьлерді жауып тастау керек деп отыр. Олардың орнына, сол ауылдардан емес, басқа жерлерден жаңа пенитенциар жүйе ашу қажет. Сонда садистік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру үрдісі тоқтайды деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек
Бүгін, 17:41

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек
Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Оның айтуынша сот процесі бар кемшілігін ашып көрсеткен
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →