×

Семей әкімдігі "Би-2" концертіне қатысты түсініктеме берді

Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын мәлімдеді

Семей әкімдігі "Би-2" концертіне қатысты түсініктеме берді
Антон Белицкий / Global Look Press

Семей қаласының әкімдігі "Би-2" концертінің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігі концертті әкімдік тоқтатпағанын мәлімдеді.

"Концерттен бас тартқан әкімдік емес. Концерт болатын аренаның басшылығы осындай шешім қабылдады. Қазір арена ұйымдастырушылармен концертті кейінге қалдыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр", – деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік "Арена" өкілдері 19 маусымда Семейдегі концертті ұйымдастырушыларға жолдаған хаттың көшірмесін берді.

"Абай облысында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Семей қаласының жұртшылығы "Би-2" тобының концертін кейінге қалдыру туралы өтініш білдірген. Облыстық мәслихаттың депутаты Эльзира Жүнісова әлеуметтік желіге жазба жариялады. Бұл туралы Facebook-парақшасында: "Кеше біз орман өрті кезінде соңғы қаза тапқандарды жер қойнына тапсырғанбыз. Бұл туралы жазу өте өкінішті. Бірақ апта бойы, адамдардың қайтыс болғандармен қалай қоштасқанын, қазаның ауыртпалығын отбасымен бөліскенін естиміз. Күні кеше біздің Семей қаласына "Би-2" тобы келетінін және барлық жиналған қаражатты зардап шеккендерге көмек ретінде аударуға ниетті деген ақпаратты көрдім.

Бұл әрине игі іс, бірақ концерт екі күннен кейін болады! Менің ойымша, бұл қаза тапқандар мен қайғы жұтып отырғандар үшін дұрыс болмайды. Бүкіл елде аза тұту жарияланғанына 10 күн де өткен жоқ. Сондықтан қазір концерт өткізетін уақыт емес. Жерлестерімізден кенет айырылып қалатынымызды білмей, ұйымдастырушылар мен билет алып қойғандар бізді түсінеді деп ойлаймын. Жақыныңды жоғалтудың, күйзелістің, азаптың қайғысы әлі басылмады. Уақыты келеді, мерекелік шаралар қайта жалғасады", –  делінген құжатта.

Арена басшылығы "қоғамның пікірін ескере отырып" концертті 2023 жылдың тамызына ауыстыруды сұрайды.

Еске салайық, Семей әкімдігінің Instagram парақшасында "Би-2" концертінің тоқтатылатыны туралы хабарлама тараған болатын. Кейбір комментаторлар шенеуніктердің әрекетін сынға алды. Кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба жойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →