×

Жайылымдық жер тапшылығын қолдан жасаған 174 ауыл әкімі әкімшілік жауапқа тартылды

Әкімдер есепке мал бастарын қосып жазған

Жайылымдық жер тапшылығын қолдан жасаған 174 ауыл әкімі әкімшілік жауапқа тартылды
alataunews.kz

Түркістан облысының прокуратурасы «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған. 

Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. 

Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендеген.

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.

“Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →