×

Банк қызметкерлерін кепілге алған басқыншының қолы мен денесінде жарылғыш зат болған

Бұл жайлы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары айтты

Банк қызметкерлерін кепілге алған басқыншының қолы мен денесінде жарылғыш зат болған
polisia.kz

Kaspi банк бөлімшесінің қызметкерлерін кепілге алған басқыншының қолы мен денесінде жарылғыш зат болды. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне эксклюзив сұхбат берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Марат Қожаев қаскөймен келіссөз жүргізу кезіндегі ІІМ қызметкерлерінің жұмысы жайлы жан-жақты айтып берді.

«Адамның аты-жөнін жылдамырақ анықтасақ, онымен келіссөз жүргізу де жеңілірек болады. Ал бұл жағдайда біз оның туған-туыстарын тарттық. Оны суретке түсіріп алып, жылдам базамыздан қарап, аты-жөнін анықтадық. Дегенмен, бастапқыда ол мүлдем басқа адамның атын айтқан болатын. Біз Дилшот деген адаммен келіссөз жүргізген едік», - деді Марат Қожаев.

Сәл кейінірек, сурет арқылы оның нақты кім екені анықталды. Ол Жамбыл облысының Гродеково елді мекенінің тумасы Әлихан Мурадов болып шықты. Деректер адам жайлы ақпарат жинауға, оның мінез-құлқын танып білуге, жақын туған-туыстарының кім екендігін анықтауға мүмкіндік берді.

«Біз Жамбыл облысына хабарласып, ондағы бөлімшеміз тез арада оның туған-туыстарын тапты. Солар арқылы оған әсер етуге тырыстық. Сол арқылы ол жасауы мүмкін іс-әрекеттің қаупін азайттық. Бейбіт жолмен шешуге тырыстық. Келіссөздердің еш әсері болмаған жағдайда біздің арнаулы бөлімшеміз әрекет етуі тиіс болды», - деді министрдің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, тосын жай болған кезде Астана қалалық полиция департаментінің «Арлан» жасағы іске кірісуге тиіс еді. Арнаулы жасақ өзінің штаттық кестесіне сай қаруланған. Құрамында түрлі мамандар бар. Мәселен, қатты дыбыс шығаратын граната лақтыратын маман болды. Граната лақтырған кезде жар-жұрқ етіп, санаулы секундтарда қылмыскер дағдарып қалады. Ал сол уақытта шабуылдаушылар қылмыскерге жетіп, оны қарусыздандыруы тиіс.

Марат Қожан ІІМ бөлімшесі өте жылдам әрі мүлтіксіз жұмыс істеді деп санайды. Қылмыскер де, тұтқындағы банк қызметкерлері де зардап шеккен жоқ.

Сонымен қатар ол қаскөйде қандай қару болды деген сауалға жауап берді.

«Онда тапаншаға ұқсас зат болды. Сонымен қатар қолы мен денесіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат таңып алған. Қазіргі уақытта бұл заттар сараптамаға берілді. Олардың қаншалықты жарылғыш зат не муляж екендігін сараптама анықтайды», - деді Марат Қожаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →