×

Адамдарды азаптаған күштік құрылымның 17 қызметкері сотталды - Бас прокуратура

Жалпы 35 қызметкердің ісі сотқа жіберілді

Адамдарды азаптаған күштік құрылымның 17 қызметкері сотталды - Бас прокуратура
gov.kz

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отырыс барысында қадағалау органының басшысы прокурорлардың негізгі күш-жігері азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмысқа, әсіресе оның ұйымдасқан нысандарына қарсы күрес, қылмыстық процесті жаңғырту, азаптаудың алдын алу, бизнесті қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ азаптаудың алдын алу мәселелері қаралды.

Олардың алдын алу мақсатында заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп азаматтарды жеткізу қағидалары бекітілді, адамды ұстаған сәттен бастап міндетті бейнетіркеу қарастырылды.

Колонияларда, тергеу изоляторларында және тергеу органдарының қызметтік үй-жайларында бейнебақылау қамтамасыз етіледі.

Стамбул хаттамасының стандарттары бойынша азаптау туралы істерді тергеу әдістемесі әзірленді.

Бас Прокурор азаптаумен және басқа да қатыгездікпен күресуге баса назар аудара отырып, алдын алудан бастап жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге дейінгі кешенді тәсілдің қажеттілігін атап өтті.

Жалпы, азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберілді. 17 адам сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →