×

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді

30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді
Ашық дереккөздерден

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«23 маусымнан бастап 60 мың бас торпақ мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 мың бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі», - делінген хабарламада.

Құжатта торпақтар мен қошқарларды ветеринариялық сертификат болған кезде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етілетіні аталып өткен.

Сонымен қатар 30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді
Бүгін, 15:37

Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді

Дрондар шоуы 25 қазанда Абай және Астана алаңдарында өтеді
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.
Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →