×

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды

"Нелегал" іс-шарасының 3 күндік қорытындысы

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды
polisia.kz

40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды "Нелегал" іс-шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр. Бөлімнің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған.

"Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →