×

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Бұл ақпаратты Айкөркемнің әкесі растады

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді
Азаттық радиосы

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл ақпаратты Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

“Адвокат қазір [істі сотқа жіберу туралы прокуратура хабарламасын] жіберді. Шілдеде бастайтын шығар. Іс бойынша ештеңе өзгерген жоқ. Сол Жұман деген бір күдікті бар. Қалғандары куәгер ретінде өткен”, –  деді бейсенбі күні Айдос Мелдехан Азаттық тілшісіне.

Алматы гарнизоны әскери соты әзірге жауап бермеді. Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары А.Игембердиевтің қолы қойылған хабарламада "билік өкілетін асыра пайдалану" (451-бөлім, 2-бөлім) бойынша айыпталған А.И.Жұманға ашылған қылмыстық іс Алматы гарнизоны әскери сотына жолданғаны жазылған.

Бұған дейін жәбірленуші жақтың адвокаты тергеу органдары кішкентай қыздың өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келетінін айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл істе куәгер ретінде өтіп отыр.

Былтыр Қаңтарда елде жаппай наразылық пен тәртіпсіздік кезінде оқ ату туралы бұйрық берілгеннен кейін көп адам оққа ұшқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқ ату жөнінде бұйрық бергенін 2022 жылы 7 қаңтарда мәлімдеген. Биліктің "террористер шабуылы" туралы мәлімдемесіне дәлел келтірілген жоқ. Қаңтар кезінде Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікке оқ жауған. Оқиға кезінде оның 16 жастағы қызы жараланып, 4 жасар Айкөркем қаза болды. 8 жасар ұлы психологиялық шок алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →