×

Сегізінші сайланған депутаттар қандай заңдар қабылдады

Парламент қарауында 82 заң жобаы болды

Сегізінші сайланған депутаттар қандай заңдар қабылдады
ehonews.kz

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған депутаттар бірінші сессияда қабылдаған маңызды заңдарды айтып өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды.

«Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы – әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына лайықты жауап. Ол туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған. Біздің партиялардың сайлауалды бағдарламаларына да енгізілді. Аталған мәселеге осы сессияда нүкте қойылды. Бұл заң – заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктерін қалыптастырды», - деді Е. Қошанов.

Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа халықаралық үрдістер ескерілді.

«Ешкім де заңсыз әрекеті үшін жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар палата спикері қоғамда және сарапшылар арасында сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жан-жақты талқыланғанын еске салды.

«Мемлекет басшысы осы мәселені шешу үшін нақты тапсырма берді. Осы орайда депутаттар арнайы заң әзірледі. Заңда газды зауыттан тұтынушыға дейін жеткізудің ашық жүйесі жасалды. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудағы кемшіліктер жойылды. Енді, жаңа заң бойынша, басқару нысанын тұрғындардың өзі таңдай алады: КСК-ны қалдыра ма, ОСИ-ді таңдай ма – оны өздері шешеді», - деді Мәжіліс спикері.

Депутаттар онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері жөніндегі заңға да бастамашылық етті. Заң жобасы қоғамда қызу талқыланды. Сондықтан онда үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қоғамдастығының, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың пікірі барынша ескерілді.

«Осы сессияда кәсіптік біліктілік туралы заңмен жұмыс аяқталды. Заң Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық элементтерін реттейді. Мәселен, кәсіптік біліктілікті дәлелдеу арқылы түрлі қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. Электр самокаттар қолданысы қоғамда үлкен мәселеге айналып отыр. Олардың жүрісін реттеу жөніндегі түзетулер Парламентте кең талқыланды. Ең бастысы, депутаттар қабылдаған заң жаяу жүргіншілердің де, самокат жүргізушілерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағын зерттеу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілді жайттың бірі еді. Бүгінде бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешімін тапты. Заң нормалары полигонның аумағын қауіпсіз күйге келтіріп, халықты радиациядан қорғауға жол ашады», - деді Ерлан Қошанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →