×

Депутат Базарбек: Үкімет жер мәселесін шешуге дайын емес, Бас прокуратураға көңілім толмады

Депутат Үкімет пен құзырлы органдарға қатысты пікірін білдірді

Депутат Базарбек: Үкімет жер мәселесін шешуге дайын емес, Бас прокуратураға көңілім толмады
baq.kz

Парламент палатасының бірлескен отырысынан кейін депутат Бақытжан Базарбек сессия қорытындысына байланысты не ойлайтынын айтты. Үкімет пен құзырлы органдарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Үкімет жер мәселесін шешуге дайын емес.

«Жер мәселесін Үкімет әлі шешуге дайын емес. Ол бір. Екіншіден, Бас прокуратураға көңілім толмады. Маған 140-қа жуық адам арызданды. Біреуі сотталып, екіншісі мүлкінен, жерінен айырылып, үшіншісі жұмысынан шеттетілген. Сол фактілер бойынша құжаттамаларды қарадық. Бас прокурордан көп нәрсе сұрамаймыз, сот процесіне де араласа алмаймыз. Өтінеріміз – Бас прокурор мен Жоғарғы сот төрағасына мына адамдарды қабылдашы деп сұрадық. Мұңын тыңдашы дедік. Ешқайсысы қабылдауға дайын емес», – дейді Бақытжан Базарбек.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент депутаттары каникулға кетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →