×

Қаржы министрі құмар ойынға қатысқан шенеуніктерді қалай жазалағанын айтты

Қаржы министрлігінің 25 қызметкері құмар ойынға қатысқан

Қаржы министрі құмар ойынға қатысқан шенеуніктерді қалай жазалағанын айтты
dauletten.kz

Былтыр күзде Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын мәлім еткен. Олардың арасында қаржы министрлігінің қызметкерлері де бар. Бүгін премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бастапқыда 25 қызметкерге қатысты ақпарат тараған.

«Бізде бұл мәселемен аппарат басшысы айналысады. Олар тікелей кадр мәселесіне жауап береді. Біз оны тек заң аясында қарастырамыз. Бастапқыда 25 қызметкерге қатысты ақпарат келген. Біз барлығы бойынша тиісті іс-шараларды қараймыз.  Оның ішінде өз еркімен жұмыстан кеткені, тәртіптік жазаға тартылғаны бар. Сондықтан біз әрбір қызметкермен жеке-жеке қызметтік тексеріс жүргізіп барып, шешім қабылдадық», – дейді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрлігі Алматы облысы прокуратурасының департаменттің 25 қызметкерінің құмар ойындарға қатысқаны туралы ақпаратын қарап, келесіні анықтағанын хабарлады.
- аталған құқық бұзушылық анықталғанға дейін 7 қызметкер жұмыстан босатылды;
- 7 қызметкер құмар ойындарға қатыспаған;
- 5-і жұмыс мерзімнің өтуіне байланысты жауапкершілікке тартылмады;
- 3-і мемлекеттік қызметші болмаған;
- 3-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, былтыр құмар ойындарға 305 шенеунік 507 миллион теңге жұмсаған болатын. Бас прокуратура жариялаған тізімде Қорғаныс минстрлігінің 95, Қаржы министрлігінің 25, Жоғарғы соттың 7, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің -3, әкімдіктерден -36 және өзге де мемлекеттік органдардың 27 қызметкері болған.

Осыған дейін Қорғаныс министрлігі де құмар ойын ойнаған қызметкерлерін бостақан болатын. Ішкі істер министрлігі де ойын бизнесімен айналысқаны анықталған қызметкерлерге "Құқық қорғау қызметі туралы" заң талаптарына сәйкес тәртіптік жаза қолданған

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады
18.04.2025ж. 12:04

Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады

Қазақстанда 2025 жылы жаңа стандартпен 7 жол салыну жоспарланған
Бұл жағдайда әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр
Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →