×

Қаңтар оқиғасы: қызылордалық Ғабит Піржанов 16 жылға сотталды

Сондай-ақ марқұм Фархат Омаров та айыпты деп танылды

Қаңтар оқиғасы: қызылордалық Ғабит Піржанов 16 жылға сотталды
Азаттық радиосы

4 шілдеде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды", "әскери адамға оқ атты", "күшпен қаруды тартып алды" деген айыпталған Ғабит Піржанов пен марқұм Фархат Омаровты айыпты деп тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Судья Асыл Ізтелеуова Піржановты 16 бас бостандығынан айырса, Омаровты қаза болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Сот мамырда басталып, қырық шақты процесс өткен.

Айыптау актісінде Піржанов туралы "2022 жылы 4 қаңтар "Aray City Mall" сауда үйінің алдында, облыстық әкімдігінің ғимаратында, жергілікті жол полиция басқармасында болған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған. Өз адамдарына оқ атуды бұйырған. Атыс қаруын ұрлау үшін полиция ғимаратының сызбасын алған, полиция араласқан соң қылмысын жүзеге асыра алмаған" деп жазылған.

Ал Фархат Омаров туралы айыптау қағазында "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, әкімдік пен жол полициясының ғимараттарына заңсыз кірген. "Піржановтың бұйрығымен полиция қызметкерін атып, ауыр дене жарақатын салған. Өзі қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан" деп баяндалған.

Прокурор сотта екі айыпталушыны кінәлі деп танып, Піржановты 20 жылға соттауды, ал Фархат Омаровты қаза болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Піржанов және Омаровтың туыстары үкіммен келіспейді.

Фархат Омаровтың анасы Бибігүл Әлішева сот үкімін соңына дейін сабырмен тыңдай алмағанын айтады.

- Мен орнымнан тұрмадым. Олар менің Фархатымды өлтірді. Оны өлген соң қылмыстық жауапкершіліктен босатылды деген не сөз? Одан айып алынған жоқ. Мен үш сөмкемен дәлелдер апардым. Баламның аруағы үшін күресемін, – деді ол Азаттыққа.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →