×

Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылып түсті

Дәмхананың жазғы алаңының үстіне түскен

Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылып түсті
ТЖД

Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 7 шілдеде түс ауа 14:00 шамасында болған. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне сауда үйінде шатырдың опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері барғаны айтылды.

Әкімдіктің ресми мәліметі бойынша, қиранды аумағы 300 шаршы метр болады. Ал өңірлік ТЖД төтенше жағдай ошағына жақын жерде тұрған 13 автокөлік зақымданғанын хабарлады. Олардың кейбіреулері шатыр құрылымы астында қалып қойған.

Сондай-ақ зардап шеккендер де бар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда үйінің бүйіріндегі шатыры опырылып, дәмхананың жазғы алаңының үстіне түскен. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болған.

"Құтқарушылар үйінді астындағы барлық көлікті тексеріп, арнайы гидравликалық құтқару құралдарының көмегімен 1975 жылы туған ер адамды шығарып алды. Оған екі аяғы сынған деген диагноз қойылды. Жұмыс жалғасып жатыр. Тағы бір ер адам құтқарушылар келгенше “жедел жәрдеммен” ауруханаға жеткізілген", - деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →