×

Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды іргесіндегі ауылға жетті

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды іргесіндегі ауылға жетті
Видеодан кадр

Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жақын орналасқан Саты ауылына жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан лай су ағыны жолдың арғы бетіне асып, ауыл тұрғындарының үйлеріне ағып жатқанын көруге болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде жауын-шашын салдарынан еңіс су ағыны жиналған. Ол Бахар ауылдық округі аумағындағы суды тарату шлюзі аймағындағы Нижнечунджинский каналынан асып кеткен.

"Арна сыйымдылығы келіп жатқан су ағынына шыдай алмай, нәтижесінде науалар суға толып, жақын маңдағы егістік алқаптар су астында қалды. Су жерге сіңіп кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Салдарын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері мен арнайы техника, сондай-ақ әкімдіктің екі қызметкері мен бір техника, сондай-ақ "Қазводхоз" бір қызметкері мен бір техника шықты", - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →