×

Атырау облысындағы табиғи резерваттағы өрт аумағы 830 гектарға жетті

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жанып жатқан қамыс өртін әуеден барлып шықты

Атырау облысындағы табиғи резерваттағы өрт аумағы 830 гектарға жетті
inbusiness.kz

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртінің аумағы 830 гектарға жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жанып жатқан қамыс өртін әуеден барлып шықты.

«Қамыстың жану аумағы 830 гектарды құрайды. Батпақты жерге жету мүмкін болмағандықтан, өртті сөндіру қиынға соғып тұр. Қазір қамыс өртінің 80 пайызы сөндірілді. Аэровизуалды барлау кезінде жанып жатқан өрт ошақтары анықталмады. Алайда, бықсыған қамысты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен 36 рет су төгілді. Осы кезде төгілген судың мөлшері 204 тоннаға жетті. Өрттен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 92 адам, 15 техника, 4 мотопомпа тартылған. Әуеден су төгуді «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағының 5 адамдық экипаж жүргізіп жатыр.

«Биыл дала өртімен күрес жұмыстары үшін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына арнайы техника сатып алуға республикалық бюджеттен 285 млн теңге бөлінді. Ал Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 30 негізгі және арнайы техника сатып алуға жергілікті бюджеттен 1, 5 млрд теңге қаралды», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады
18.04.2025ж. 12:04

Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады

Қазақстанда 2025 жылы жаңа стандартпен 7 жол салыну жоспарланған
Бұл жағдайда әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр
Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →