×

Шәкір Кейкін Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды

Биылғы наурыздан осы тағайындауға дейін Сауда және интеграция министрлігінде Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарып келген

Шәкір Кейкін Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды
gov.kz

Шәкір Кейкін Атырау әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды", – делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында "Теңізмұнайкомплект" ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әртүрлі қызмет атқарған.

06.1999 - 01.2001 жылдар аралығында "РАМАКО" ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;

01.2001 - 02.2008 жылдар аралығында "Казстройсервис ЛТД" ЖШС-да директор;

02.2008 - 10.2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;

10.2008 - 07.2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;

07.2009 - 10.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;

10.2018 - 02.2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;

02.2019 - 09.2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;

09.2019 - 03.2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі;

03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі су тасқынына қарсы күрескендерді марапаттады
Бүгін, 14:46

Алматы әкімі су тасқынына қарсы күрескендерді марапаттады

Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →