×

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алу бойынша күдіктілерге жаза кесілді

Прокурор айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айрыуды сұраған болатын

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алу бойынша күдіктілерге жаза кесілді
Qaz365.kz

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алды деп айыпталған бес адамға қатысты үкімді шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, биыл 30 наурызда Алматыда «Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу» ісі бойынша бес адамның соты басталған. Осыған дейін Әйгерім Тілеужан үйқамақта, өзге төртеуі былтыр көктемнен бері тергеу абақтысында отырды.

Сонымен сот шешімімен белсенділер Қалас Нұрпейісов,  Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтерге  8 жыл, журналист Әйгерім Тілеужанға 4 жыл берілді. 

Судья журналисті қамауға алуға бұйрық берді. Сот шешімі бойынша ол жазасын қауіпсіздік дәрежесі орта деңгейдегі колонияда өтейді.

Қалған төртеуі де жазаларын қауіпсіздігі  орташа түзеу колониясын да өтейді. Олардың қамауда отырған бір тәулігі 1,5 тәулікке есептелді.

Әйгерім Тілеужан ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының бірінші бөлігі «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру» бойынша сотталды. Ал Қалас Нұрпейісовке ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру», 200-бабы «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену», 269-бабы, 3-бөлігі «Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу» бойынша үкім шықты.

Дәлібаев, Шилібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен «ҚазАэроНавигация» РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген бап бойынша сотталып отыр.

Қылмыстық іс бойынша, Алматы халықаралық әуежайы, "Қазаэронавигация" мен Qazaq Air, Air Astana, Fly Arystan және Scat әуекомпаниялары жәбірленуші деп танылған.

Бұған дейін прокурор Бекзат Сейтімбет судьядан айыпталушылар Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтерге 11 жыл, Әйгерім Тілеужанға бес жыл жаза сұраған еді.

Әйгерім соттағы соңғы сөзінде белсенді  Қалас Нұрпейісов екеуін бас прокурор Берік Асылов Кәрім Мәсімовпен бірге атап, «Экстремистер Алматы әуежайын басып алмақ болды» деп айыптап, жалған ақпарат таратты деп айтты.

«Мен ешқандай діни-экстремистік ұйымның мүшесі емеспін. Біз осыған байланысты ҰҚК мен прокуратураға сауал жолдап, жауап алдық. Ол менің абыройыма нұқсан келтіретін ақпарат таратты. Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясын бұзды. Яғни сот болмай жатып, бізді айыптап, соттап жіберді», - дейді Әйгерім Тілеужан.

Ол Қаңтар оқиғасы кезінде халықпен бірге болғанына еш өкінбейтіндігін де жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →