×

Алматы әуежайын басып алу ісі: Прокурор айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін соттауды сұрады

Залға жиналған айыпталушылардың жақтастары прокурор сұраған жазаға наразылық білдірді

Алматы әуежайын басып алу ісі: Прокурор айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін соттауды сұрады
2gis.kz / Дмитрий Плотников

 

Прокурор журналист Әйгерім Тілеужанға 5 жыл, белсенді Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменовке 11 жыл түрме жазасын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Залға жиналған айыпталушылардың жақтастары прокурор сұраған жазаға наразылық білдірді.

"Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу" ісі наурыз айында басталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайында наразы топтың алдында "билікке қарсы сөздер айтып, оларды заңсыз іс-әрекетке айдап салып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған" деп көрсетілген. Бұған қоса, айыптау қорытындысында Нұрпейісов, Дәлібаев, Шилібаев пен Кәрменов "ғимараттарға шабуыл жасап", "көліктерді тартып алған, бөтеннің мүлкін жымқырған" деп жазылған.

Тілеужан мен Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына барғанын растайды, бірақ "жұртты тәртіпсіздікке шақырды, өздері де қатысып, ұйымдастырды" деген айыпты мойындамайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →