×

Біз оны түзете алмаймыз. Министр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Министр оның қалай жазаланатынын айтты

Біз оны түзете алмаймыз. Министр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Нұрасыл Болат әскери бөлімнің бақылауында болған. Алайда өз еркімен кетіп қалған. Әскер жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын орын емес. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Түсінесіз бе? Бұл туралы мен айтқанмын. Біз оны түзете алмаймыз. Біздің функциямыз басқа», – деді Руслан Жақсылықов Үкімет отырысынан соң.

Айта кетейік,  кеше Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Қатардағы жауынгер Қонаев гарнизонының әскери бөлімінде қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта кетіп қалған.

Кейіннен  қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің табылғанын хабарлады. Ол қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 11 ақпанға қараған түні Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соққан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →