×

"Петиция тапсырыспен жасалған": Алматы тұрғыны Досаевты жақтап шықты

Қазіргі кезде 47 мыңға жуық адам әкімнің отставкаға кетуін қолдап дауыс берген

"Петиция тапсырыспен жасалған": Алматы тұрғыны Досаевты жақтап шықты
Коллаж: Qaz365.kz

Алматы әкімінің 13 шілдеде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны әкімді қызметінен босату туралы петицияның тапсырыспен орындалғанын айтып, Досаевты жақтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы тұрғындары қалада соңғы уақытта жүргізілген жол жөндеу жұмыстарына қатты наразы. Тіпті петиция құрылды. Қазіргі кезде 47 мыңға жуық адам әкімнің отставкаға кетуін қолдап, 13 мыңнан астам адам қарсы дауыс берген.

Алайда, әкіммен кездесуде қала тұрғыны Досаевты мақтап, оны жұмыстан босату туралы петицияның тапсырыс деп ойлайтынын айтты.

“Сізге алғыс айтамын, себебі тоқсан сайын халықпен кездесіп тұрасыз. Қазақстанда бір де бір әкім олай жасамайды. Осы үшін сізді сыйлаймын. Сіз бәрін өзіңіз шеше алмайсыз. Сізге адамдар керек. Асқар Кемеңгерұлы мен Алтынбек Мұратұлы шынымен жұмыс істейді. Азаматтар деп айта аламын. Шәмшинге кездесейік деп қанша айтып жүрмін. Мен жақсы басшы әрқашан халықпен бірге болады деп ойлаймын. Міне, сіз халықпен кездесіп жатырсыз, қорықпайсыз. Осы үшін алғысымды айтамын. Соңғы кездері сізге қарсы петиция жазып жатқандары маған ұнамайды. Мен оның тапсырыс екенін түсінемін”, – деді қала тұрғыны.

Жауап ретінде Досаев алматылыққа алғыс білдірді.

Осыған дейін қала тұрғындарының Досаевтың отставкасы жайлы не ойлайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, мегаполис басшысы Әл-Фараби мен Абай даңғылдарының неліктен бір уақытта жөндеуден өтіп жатқанын түсіндірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →