×

Досаев неге Алматыдағы екі негізгі даңғылдың бір уақытта жөнделіп жатқанын түсіндірді

Оның айтуынша, даңғылдарда жөндеу жұмыстары біраз уақыттан бері болмаған

Досаев неге Алматыдағы екі негізгі даңғылдың бір уақытта жөнделіп жатқанын түсіндірді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев 13 шілдеде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қаланың екі негізгі магистральдық жолының бір уақытта неліктен жөндеуге жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тұрғындардың сауалына жауап бере отырып әкім келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.

"Неге биыл екі негізгі жолды жөндеуді бастадық? Әл-Фараби даңғылы 2010 жылдан бері, ал Абай даңғылы 2012 жылдан бері орташа жөндеуден өтпеген. Әдетте жөндеу жұмыстары 5-7 жыл сайын болып тұру керек. Әл-Фарабиді жөндеу жұмыстарының мерзімін екі рет өткізіп алдық. Мамандардың айтуынша, осы негізгі жолдарды биыл бітірмегенде, қыстан шыға алмас едік», – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Қала басшысы барлық ақпарат 2gis және Яндекс карталарында жаңартылатынын айтып өтті. Сондай-ақ, қалалық мобилділік басқармасы маршрут өзгерістері туралы хабарлап отырады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Кеше, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →