Ол өзін қолдаған адамдарға алғыс айтты
Алматы әуежайын «басып алды» деген айыппен 4 жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның әлеуметтік желіде тергеу абақтысынан жазған хаты жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Журналист Данияр Молдабеков Facebook парақшасында Әйгерім Тілеужанның абақтыда жазған хатын жариялады.
«Қолдауға келгендердің барлығына алғысым шексіз. Таныстар да, бейтаныс адамдар да көп болды. Бірақ, ең бастысы, барлық келіспеушіліктерге қарамастан келіп, бізбен бірге болды. Осы үшін өз халқыммен мақтанамын және жақсы көремін... Соңына дейін күресеміз. Апелляция, Жоғарғы сот, ООН. Түрмеге отырсам да Б. Асыловпен соттасуды тоқтатпаймын. Мен үшін алаңдамаңдар. Менде барлығы жақсы. Ең бастысы – шындық біздің жағымызда. Бәрін жақсы көремін, сүйдім», – деп жазған журналист.
Алматы әуежайын басып алу ісі" бойынша Әйгерім Тілеужан 4 жылға, тағы да 4 адамның әрбірі 8 жылға сотталған еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи пікір білдірді.