×

Бесеудің соты: Танымал ақын-жазушылар Президентке хат жазып, араша сұрады

Қол қойған ақын-жазушылардың арасында әзірге 42 адамның есімі аталған

Бесеудің соты: Танымал ақын-жазушылар  Президентке хат жазып, араша сұрады

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алды деп бес адамды соттаған болатын. Осыған байланысты еліміздің танымал қаламгерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қасіретті Қаңтар оқиғасына жыл толды. Осы уақыт ішінде қанды оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, түрлі комиссиялар, жұмыс топтары мен азаматтық қоғам өкілдері зерттеулер жүргізді. Бірақ әлі күнге дейін оқиғаның мән-жайы ашық айтылып, оның әділ бағасы берілген жоқ. Қанды оқиғаға қатысты түрлі деңгейдегі сот орындарында өткен процестерде өрескел заңсыздық орын алып жатыр. Қазақ қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, 2023 жылдың шілде айының 11 күні Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу ісі» бойынша сотталған журналист Әйгерім Тілеужанға, белсенді Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Дәлібаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа және Жанайдар Кәрменовке шығарылған үкімге қатысты қатал және түбегейлі келіспеушілігімізді білдіреміз», – делінген хат мәтінінде.

Хат иелері «Әуежай ісінің» үкімі халық қарсылығын күшейтіп, қоғамда резонанс туғызғанын айтқан. Президенттен жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, осы іске ерекше назар аударуын сұраған.

«Ата-заңымызда белгіленген  «халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі» ретінде  сізден жоғарыда аталған азаматтарға араша түсуіңізді сұраймыз. Жаңа Қазақстаннан үмітті халық жаңа өзгерістерді күткен еді. Алайда, қоғамда әбден қалыптасып қалған  ескі жүйенің салқынын әлі де сезінудеміз. Әділетті Қазақстанның берік орнығуы үшін «Қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан сот процестері әділ өтуі тиіс деп санаймыз. Сондай-ақ, Әділетті Қазақстан құру идеясына қарсы әрекет етіп отырған сот орындарындағы тұлғаларды әділ анықтап, оларға қолданыстағы заң аясында қатаң жаза қолданылуын сұраймыз», – делінген хатта.

Қол қойған ақын-жазушылардың арасында әзірге 42 адамның есімі аталған.

1. Танагөз Толқынқызы 
2. Анар Шамшадинова
3.Светқали Нұржан
4. Ақберен Елгезек
5. Қалқаман Сарин 
6.Ұларбек Дәлей
7. Жанат Жанқаш 
8. Мереке Мұқан
9. Жәнібек Әлікен
10. Қанат Әбілхайыр
11. Айбек Ережеп
12. Жангелді Немеребай
13. Олжас Сәндібек 
14. Наурызбек Сарша 
15.Оңғар Қабден
16 . Дәурен Тілеухан
17. Индира Кереева
18. Жанаргүл Қадырова
19. Айдана Қайсарбекқызы
20. Толқын Қабылша
21. Мерей Қарт
22. Ершат Қайболдин
23. Жәнібек Әлиман.
24. Нұртас Тұрғанбекұлы
25. Нұрислам Әбділ
26. Мирас Мұқаш
27. Арайлым Мұратәлиева
28. Арман Шеризат
29. Гүлжайнар Қалдина
30. Ықылас Ожай
31. Дамир Әбенов
32. Ерік Нарын
33. Рысгүл Досжанова
34. Еламан Қасен
35. Мұхтар Күмісбек
36. Мерген Тоқсанбай
37. Хамит Есаман
38. Ділдә Уәлибек
39. Қайсар Қауымбек
40. Ержан Алаштуған
41.Серік Ақсұңқар
42.Ырысбек Дәбей.

Алматы әуежайын басып алу ісі" бойынша Әйгерім Тілеужан 4 жылға, тағы да 4 адамның әрбірі 8 жылға сотталған еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи де пікір білдірді. Ал бүгін Әйгерім Тілеужанның әлеуметтік желіде тергеу абақтысынан жазған хаты жарияланды

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек
Кеше, 17:41

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Жаңа нөмірлерді 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін орнатуы керек
Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Оның айтуынша сот процесі бар кемшілігін ашып көрсеткен
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар осы айда қатарынан үш күн демалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →