×

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ 20 гектардан асты

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды
ТЖМ

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ТМЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
ТЖМ хабарлауынша, 15 шілде күні Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түскен. Өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары және ТЖМ авиациясы жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ 20 гектардан асты. 

Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев оқиға орнына барды.

Осыған орай Бесқарағай ауданында төтенше жағдай жарияланды

Төтеншеліктер жергілікті тұрғындарға және от шарпыған аумақта орналасқан "Шошқалы" демалыс аймағының тынығушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға үйден шықпауды, ал тынығушыларға демалыс аймағын тастап шығу қажеттігі айтылуда. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болат ісі: жәбірленуші тарап 660 млн теңгеден астам өтемақы талап етті
Бүгін, 17:35

Шерзат Болат ісі: жәбірленуші тарап 660 млн теңгеден астам өтемақы талап етті

Абзал Шынасылдан Шерзат Болатты жерлеу шығындары үшін 2,7 млн теңге өндіріп алу сұралды.
Ол тізім жасаудың ең қиын жұмыс екенін алға тартты. 
Ол бұған дейін «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарған
Жоғалғандардың басым бөлігін кәмелетке толмағандар мен психикалық дертке шалдыққандар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →