×

"Журналистің өміріне қауіп төніп тұр" - Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығы күрт нашарлады

Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін

"Журналистің өміріне қауіп төніп тұр" - Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығы күрт нашарлады
Ашық дереккөздерден

Журналист Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығы күрт нашарлады. Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Adyrna.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Белсендінің айтуынша, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.

Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен, — деп жазды ол.

Айта кетейік, Думан Мұхаметкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →