×

Түркістанда прокурор "азаптау" айыбына іліккен 6 полицейді соттауды сұрады

Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайды

Түркістанда прокурор "азаптау" айыбына іліккен 6 полицейді соттауды сұрады
ашық дереккөзден

17 шілдеде Түркістан қаласы сотында прокурор судьядан "Азаптау" айыбына іліккен алты полицейдің бас бостандығын бес жылдан бес жарым жылға дейін айыруды сұрады. Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Прокурордың сөзінше, 2022 жылдың 8 ақпанында полицейлер Нұрболат Өмірбеков пен Досан Дәулеткелдіні екі қойды ұрлады деген күдікпен көпе-көрнеу заңсыз Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген. Полиция қызметкерлері Бекзат Құдайқұл, Азамат Мейірман және Рахат Шегеев әуелі Дәулеткелдіні, кейін Өмірбековті "қызметтік бөлмеге кіргізіп, балағаттап, ұрып-соғып, қолын артқа қайырып скочпен байлап, басына целлофан пакет кигізіп тұншықтырған. Екеуінен де екі қой ұрлағанын мойындауды талап еткен".

Азаптау кезінде Дәулеткелді құсқан, Өмірбеков дәретін жіберіп қойған. Азаптау кезінде үш полицейге олардың әріптестері Ерсейіт Еденов, Бексұлтан Өсербай, Алтынбек Ажеков қосылған.

Сөйтіп прокурор Бекзат Құдайқұл, Азамат Мейірман, Рахат Шегеевті Қылмыстық кодекстің "Азаптау" бабы және "Заңсыз ұстау" бабымен, Ерсейіт Еденов, Бексұлтан Өсербай, Алтынбек Ажеков "Азаптау" бабымен кінәлі деп тануды сұрады.

Алты полицейдің ісін Түркістан қалалық соты 3 наурыздан қарай бастаған.

Айыпталушылардың ішінде Шегеев - үйқамақта, қалған бесеуі қамауда болған. Айыпталушылардың бәрі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері болған.

Сотта айыпталушылар мен олардың қорғаушылар өздерін фото, видеоға түсіруге қарсы болған. Іс бойынша Нұрболат Өмірбеков пен Досан Дәулеткелді жәбірленуші деп танылған.

Жәбірленушілерді ақпан айында полицейлер мал ұрлығы бойынша ұстаған. Олар Азаттыққа "полицейлер басыма пакет кигізіп, аяусыз азаптады" деген.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан түрмелері мен қамау орындарда күдіктілерден тергеуге қажеті ақпаратты азаптап алатыны жайлы жиі айтылады. Қазақстан билігі түрмедегі азаптау фактілерін ішінара мойындап, бұл мәселемен күресетінін мәлімдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →