×

Жетісу облысындағы әкімнің бұрынғы резиденциясы балалар лагеріне айналды

Қайта жөндеуден өткен ғимаратта жаз бойы 200 бала демалысын өткізе алады

Жетісу облысындағы әкімнің бұрынғы резиденциясы балалар лагеріне айналды
gov.kz

Жетісу облысындағы аудан әкімінің бұрынғы резиденциясында балалар лагері ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайта жөндеуден өткен ғимаратта жаз бойы 200 бала демалысын өткізе алады.

"Аумақты жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бассейн салынды. Орталық аумағында барлық қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген асхана бар. Ашық аулада балалар ойын алаңы салынды. Бейнебақылау камералары орнатылды. Ғимаратқа арбада отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіруі де қарастырылған", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Резиденцияны қайта жаңартуға 38,2 миллион теңге жұмсалған. Орталықта бір мезетте 40 бала демала алады. Әр баланың демалысының ұзақтығы 5 күн. Лагерге қабылдау баланың тіркелген жеріне байланысты және I-III топтағы мүгедек баланы дәрігердің ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →