Оның айтуынша, 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс болған
Саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер 107 млн теңге тендерін жеңіп алған. Бұл жайында депутат Нұргүл Тау мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бүгін әлеуметтік желі қолданушылардан түскен ақпарат бойынша Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне Respublica партиясы атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбаймен бірге барып, жағдайымен таныстым. Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғандығына куә болдым. Лагерь ыңғайластырылған бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. », – деді депутат.
Оның айтуынша, 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс болған.
“Қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс.
Мемлекеттік сатып алу процедулары қалай жүргізілгендігі төңірегінде мәселе туындауына байланысты менің тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі.
Бұл мәселені өз бақылауыма алдым”, – деді Нұргүл Тау.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі.