×

Алматының таулы-орманды жерлерде өрттің ережелерін бұзған адамдарды дрон арқылы анықтайды

Мониторингілеу  жұмыстары 3 дронмен жүргізіледі

Алматының таулы-орманды жерлерде өрттің ережелерін бұзған адамдарды дрон арқылы анықтайды
видеодан кадр

Қосымша тепловизор құрылғысы от жағу орындарын сондай-ақ өрт ережелерін бұзушыларды жедел анықтап, оқиға орнына  мобильді топтар дереу жіберіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жергілікті таулы жерлерде демалушылар жаппай жиналған кезде іске қосылады.

Айта кету керек, ұлттық саябақтың орманды алқабы ерекше ландшафтына байланысты,  өртті сөндіру жұмыстарын  күрделенуімен ерекшеленеді.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарында ұшудың максималды жылдамдығы бір сағатта 80 км дейін және бірнеше жұмыс режимі бар.

Заманауи құрылғы көлденеңінен 8 км-ге дейінгі қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 м биіктікке көтеріле алады, ауа-райына және тәулік уақытына қарамастан, жылу анықтау камерасымен жабдықталған дрондармен тауда жоғалып кеткен адамдарды  тез табуға болады.

Бұл  заманауи құрылғы зардап шеккен адамдарға дәрі-дәрмектерді жеткізуді және құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етеді. Мониторингілеу  жұмыстары 3 дронмен жүргізіледі.

Бүгінгі таңда таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тауларда 160 от жағу жағдайларына жол берілмеді. жалпы сомасы 5 млн. теңгеден асатын 92 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →