×

Қостанай әкімдігі мұз болған үйлерге қатысты түсініктеме берді

Үй әлі қабылданбаған және пайдалануға берілмеген

Қостанай әкімдігі мұз болған үйлерге қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Қостанайдың Қонай шағын ауданындағы жаңа салынған, бірақ пайдалануға берілмеген пәтердің суреттері тарады, деп хабарлайды qaz365.kz

Онда бөлменің қақ ортасында еденнен төбеге дейін мұз қатып тұр. Қостанай әкімдігі осы жағдайды түсіндірді.

Қонай шағын ауданындағы 21 орам № 2, 3 үйлерінің құрылысын «Марал Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы салып жатыр. Қазан айында бұл ұйыммен шарт бұзылды, себебі олар өз міндеттерін орындамады, мемлекеттік сатып алуда жауапсыз қатысушы деп танылды. Жасалған шартқа сәйкес, құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігер ұйымды анықтау кезеңінде үйді «Нұр Сақшы» күзет фирмасы күзетіп жатыр. Үйді тексеру кезінде жылу тек жертөледе қосылғаны анықталды. Жылыту жүйесіндегі Маевск кранынан су аққан, - деді әкімдіктен.

Анықталғандай, қалалық құрылыс бөлімі 13 желтоқсанда осы жұмыстарды аяқтайды.

Осы оқиға туралы уақтылы хабарламаған күзет ұйымына тиісті хат жолданды. Қазіргі уақытта аталған үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауға мемлекеттік сатып алу жарияланды, мердігер ұйым анықталғаннан кейін тұрғындарды қоныстандырғанға дейінгі барлық ақаулар жойылады, - деп атап өтті қалалық әкімдікте.


БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев
Бүгін, 09:09

Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →