×

БАКАД тас жолы 21 шілдеден бастап ақылы болады

Бір ай және бір жылға абонемент сатып алу қарастырылған

БАКАД тас жолы 21 шілдеден бастап ақылы болады
kapital.kz

2023 жылғы 21 шілдеде ҚР ИИДМ «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үлкен Алматы айналма жолы» (БАКАД) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұйрыққа сәйкес, жүріп өткен қашықтыққа қарамастан, бір сағат ішінде жол жүру құны:

  • жеңіл автокөліктер – 0,07 АЕК (241,5 теңге);
  • 16 жолаушы орындығына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,08 АЕК (276 теңге);
  • 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,14 АЕК (483 теңге);
  • 32 жолаушы орындық автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,16 АЕК (552 теңге);
  • жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,2 АЕК (690 теңге);
  • жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп жүк автомобильдерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 0,22 АЕК (759 теңге).

Сондай-ақ құжатта көрсетілген санаттағы көліктер үшін бір ай және бір жылға абонемент сатып алу қарастырылған.

Сонымен, ай сайынғы жазылым құны:

 

  • жеңіл автокөліктер үшін: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
  • 16 орындық автобустарға және жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 мың теңге);
  • 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: бір айға – 1 АЕК (3 450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
  • 32 орындық автобустар мен автопоездың сыйымдылығы 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
  • жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: бір айға – 2 АЕК (6 900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге);
  • жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп жүк автомобильдерi үшiн, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары: айға – 2,5 АЕК (8 625 теңге), жылына – 25 АЕК (86 250 теңге).

АЕК ескере отырып, құны 2023 жылға есептелген.

БАКАД 2023 жылдың 16 шілдесінде салтанатты түрде пайдалануға берілді. BAKAD – Қазақстан тарихындағы бірінші концессиялық жоба. Бұл жолдың құрылысы осыдан үш жыл бұрын түрік-корей консорциумы негізінде басталған.

Магистраль негізінен алты жолақты, кейде төрт жолақтыға айналады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің есептеулері бойынша, сағатына 110-140 шақырым максималды жылдамдықпен 66 шақырымдық қашықтықты небәрі жарты сағатта жүріп өтуге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →