×

Жыл соңына дейін 50 жолаушылар вагоны сатып алынады - ҚТЖ

Қазақстан темір жолы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Жыл соңына дейін 50 жолаушылар вагоны сатып алынады - ҚТЖ
vlast.kz

Қазақстан темір жолы бірінші жартыжылдықты қорытындылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биылғы 6 айда тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд т-км нетто болды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6%-ке жоғары.

Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ке өсіп, 27,8 млрд тонна-километр неттоға жетті.

Контейнерлік транзит 26%-ке өсті. Қазақстаннан Қытайға экспорт жүгін тасымалдауда өсім болды.

Көлемі 5,7 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 27%-ке артық.

Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-км құраса, бұл 2022 жылғыдан 1,2% жоғары.

Есепті кезеңде шамамен 600 км темір жол жөнделді, бұл өткен жылғы кезеңнен 100 км артық.

2023 жылы 1 126 км магистральда жөндеу жұмысының барлық түрі жоспарланған.

Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жылжымалы құрам паркі жаңарды. 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынды.

Жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны жеткізіледі.

Компанияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғаны үшін тиісті тәртіптік жаза қолданылып, жауапты басшылар лауазымынан босатылды.

Өндірістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаңдаушылық тудырып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →