×

Талғарда сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды

Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне бақылау бекеттері орнатылды

Талғарда сел қаупіне байланысты 150 адам эвакуацияланды
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысындағы Талғар бөгетінде топырақ бөгеті шайылып, сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында бөгетті су шайып кеткен.

«2023 жылдың 22 шілдесінде сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып кетті. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын «Қазселденқорғау» филиалы жүргізеді.

Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне бақылау бекеттері орнатылды. Сел қаупі бар аймақтан 150-ге жуық адам эвакуацияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
17.05.2025ж. 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →