×

Қарағандыда қосалқы станса өртеніп, тұрғындар жарықсыз отыр

Қарағандыда қосалқы станса өртеніп, тұрғындар жарықсыз отыр

Қарағандыда жарық подстансасы отқа оранды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желілерде Қарағандыда Сәтпаев көшесінде орналасқан қосалқы стансаның өртеніп жатқан видеосы тарады. Бірқатар аудандарда электр қуаты жоқ.

Осыған орай қала басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов «Кешкі Қарағанды» Telegram арнасында түсінік берді.

«Құрметті қала тұрғындары! Мен «Қарағанды Жарық» ЖШС тиесілі подстансаның жанында тұрмын. Қазір сағат 14.30, өрт сөндірілген. Кәсіпорын мамандары жарықсыз қалған қала орталығындағы тұрғындарды басқа желіге ауыстырып, электр қуатына қосу мәселесімен айналысып жатыр. Бұл – Бұқар жырау, Печюгин-Новоселов, Терешкова, Волгоданская көшелері квадраты. Шамамен екі сағаттың ішінде жарық беріледі. Алдын ала мәлімет бойынша, кәріз және су жүйесінің сорғы стансалары қалыпты жұмыс істеп тұр. Бағдаршамдарда полицейлер нұсқау беріп, тәртіп орнатады. Тағы ақпарат түссе, өздеріңізге хабарлаймын», - деп атап өтті ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →