×

Мәжіліс депутаты түрмеге қаматқан журналист босап шықты

20 күнге түрмеге жабылған болатын

Мәжіліс депутаты түрмеге қаматқан журналист босап шықты
Амангелді Батырбековтің Фейсбук парақшасынан

Осыдан 20 күн бұрын Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты республикалық «Сарыағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековті  қамауға алған болатын. Бүгін босап шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар, мен қайтадан бостандыққа шықтым. Парақшамдағы қолдауды көріп таңқалдым. Мені қолдаған баршаңызға алғысым шексіз», - дейді журналист.

Бұған дейін 3 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты оны «Жала жабу» бабымен кінәлі деп танып, 20 күнге түрмеге жапқан болатын.

Батырбековтің үстінен Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы шағым түсірген еді. Өйткені журналист 2023 жылдың 10 наурызында Facebook парақшасында «Сыбайластық па не бұл?» деген пост жазған. Депутат Батырбеков «көпе-көрінеу жалған мәлімет жариялады, абыройыма дақ түсірді» деп шағымданған көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Бүгін, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →