×

Екібастұзда өртенген жанармай құю бекетінен жас жігіттің денесі табылды

Жеке басы анықталып жатыр

Екібастұзда өртенген жанармай құю бекетінен жас жігіттің денесі табылды
ТЖМ баспасөз қызметі

 Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұздың автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«26 шілде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ», - делінген департамент хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама
Бүгін, 13:50

Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →