×

Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады

Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
tets.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңынан жарылыс болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын бұзып, салдарынан облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →