×

Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды

Күдікті қамауға алынды

Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды
polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында психотроптық заттар қойып кетумен айналысқан бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Жұмысқа” шыққан автоледи полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін, оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза “синтетика” тапты.

Ұсталған бойжеткеннің көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам гашиш тәркіленді. Бұған қоса, оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.

Тергеушілер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен отставкаға кеткендігі белгілі болды.

– Қазір аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді есірткімен күресуші Бауыржан Қарбеков.

Полиция қызметкері есірткіні сату мақсатында заңсыз пайдалану бас бостандығынан айыру жазасына әкелетінін ескертті.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Бүгін, 09:33

Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

13 тамыздан, яғни бүгіннен бастап Starlink компаниясының спутниктік интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Жалақысы көп жұмыстар кімдерге ұсынылғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады
Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →