×

Ақкенттегі өрт пен адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бір адам көз жұмған болатын

Ақкенттегі өрт пен адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков  Ақкент шағынауданындағы болған өртке байланысты екі іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі кезде екі жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі өрт қауіпсіздігі, екіншісі адам өлімі. Қазіргі кезде ведомствоаралық жедел комиссия құрылды. Одан бөлек, техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің себебі нақтыланды. Адамдар қорыққаннан терезеден секіре бастағаны рас. Өйткені өрт сатысы жабық болған», – дейді Ерлан Әлібеков.

Айта кетейік,  кеше Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. Қайтыс болған әйелдің есімі – Әсел. Ол 31 жаста.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →