×

Іште балалар болған соң қарап тұра алмадым - Шүкір Гюнай

Шүкір Гюнай үш баласымен түтінге уланып, тіпті тыныс ала алмай тұрған әйелді құтқарған болатын

Іште балалар болған соң қарап тұра алмадым - Шүкір Гюнай
видеодан кадр

Ақкент маңындағы құрылыс алаңында  электрик болып жұмыс істейтін түркиялық Шүкір Гюнай үш баласымен түтінге уланып, тіпті тыныс ала алмай тұрған әйелді құтқарған болатын. Бүгін брифингте Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков министрлікке хат жолдап, оны марапатқа ұсынатынын айтты. Qaz365.kz тілшісі өрт сөндірушілерге көмектескен түркиялық азаматпен тілдесті.

Шүкір Гюнай Түркияның Сивас қаласында дүниеге келген. Ең алғаш 28 жасында Қазақстанда келген ол құрылыс компаниясында электрик қызметін атқарады. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта өрттің лифт шахтасынан шыққаны айтылған. Дәл қазір өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Шүкір Гюнайдың айтуынша, өртке лифт шахтасының қатысы жоқ, лифтте тек екі кішкентай кабель болады. Одан ондай үлкен түтін шықпайды. 

Ол кранмен көтеріліп, кран жетпеген соң, ары қарай шынжырмен өрмелеп шыққан. Қанша жыл құрылыс саласында жүргендіктен, кранның ол қабатқа жетпейтінін білдім дейді. Сол үшін кранның адамдар тұратын жеріне (люлька) ішіне сатыны да салып алған.

“Бірақ саты қауіпті. Онымен шығуға болмайтын еді. Себебі сатыны қабырғаға қойғанда люлька ашылып кетіп жатты. Ол уақытта ойланбай өрмелеп, балаларды алып шықтым”, – дейді Шүкір Гюнай.

Ол тұрғындарды құтқарып жатқан кезде, қасында өрт сөндірушілер де болған. Бірақ Шүкір Гюнай оларды мүлдем байқамағанын айтады. Тек видеодан көргенде ғана басқа адамдардың болғанын да білген.

“Тек “шықпа, шықпа” деп астынан айқайлап жатқандары ғана есімде. Бірақ шығу керек болды. Іште кішкентай балалар болған соң, қарап тұра алмадым”, – дейді ол.

Сондай-ақ ол өзі жайлы БАҚ-тың жарыса жазып жатқаны туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, мақтайтындары да, даттайтындары да бар. Қолымнан келгенін істедім, маңыздысы осы дейді. Төтенше жағдайлар департаментінің марапатқа ұсынуы жайына да тоқталып өтті. 

“Сенесіз бе, мен ол видеоны бір-ақ рет көрдім. Мен басқалар мақтасын деп жасамадым. Маған ештеңе қажет емес. Іште балалар болған соң шықтым. Өзімнің де отбасым бар, қызым бар. Шықтым, қолымнан келгенше көмектестім. Түркияда жер сілкінісі болғанын білесіз, сол кезде қазақ бауырларымыз ұшып келіп көмектесті. Рахмет айтамы”, – дейді Шүкір Гюнай.

Еске сала кетейік, “Ақкент” шағынауданындағы 16 қабатты үйде өрт тұтанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.

Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Қала әкімі Ерболат Досаев өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →